Smart Astana қосымшасының жаңа нұсқасы іске қосылады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Елордада 1 маусымнан бастап Smart Astana қосымшасының жаңартылған нұсқасы іске қосылады. Қазір SmartAstana қосымшасы тестілік тәртіпте қол жетімді, деп хабарлайды қала әкімдігінің сайты.

Жобаның мақсаты - қала тұрғындары мен қонақтарына сапалы ақпарат жеткізіп отыру, қолжетімділік деңгейін арттыру, сондай-ақ қала сервистері жайында насихаттау. 

Жоба авторының жаңа тұжырымдамасы бойынша SmartAstana үш топты қамтуы тиіс: қала тұрғындары мен қонақтарын, Астана қаласы әкімдігінің басқармалары және халыққа қызмет көрсететін коммерциялық ұйымдар.

- Қолданушыларға барынша қолайлы интерфейс құруға тырыстық. Қосымшаның барлық тұжырымдамасы аяқталды. «Қалалық және мемлекеттік қызметтерге жазба» бөлімінде жаңа міндеттер пайда болды, - дейді жобаны құрастырушылар.

1 маусымнан бастап құрылғының көмегі арқылы әкімдіктің өкілетті тұлғаларының қабылдауына онлайн тәртіпте жазылуға мүмкіндік бар: қолданушы бос күн мен уақытты бірден көре алады.Бұл қызмет тек ғана SmartAstana жүйесіне тіркелген емханаларда қолжетімді болады. Ал, қазіргі таңда қалған қалалық медициналық мекемелерін жүйеге қосу жалғасуда. 

Сонымен қатар, «109» қызметімен де қосымша арқылы байланысқа шығуға мүмкіндік бар. Жауап SmartAstana аккаунтына немесе көрсетілген электронды поштаның мекен-жайына келеді. Сондай-ақ, тұрғылықты мекен-жай бойынша учаскелік инспекторға қатысты мәліметтерді де алуға болады.

«Денсаулық» бөлімінде дәрігердің қабылдауына онлайн-жазылуға және дәрігерді үйге шақыруға болатын функция пайда болады. Маусымның 1-нен бастап құрылғының көмегі арқылы қолданушы қай емханаға тіркелгенін де біле алады. Бірыңғай call-center медициналық қызметі барлық сұрақтарға жауап береді.

Бұдан бөлек, қосымша қолданушылары балаларды балабақша кезегі мен бірінші сыныпқа тіркеу мүмкіндігіне ие және кезектің қалай жылжып жатқанын тұрақты бақылап отыра алады.

«ЭКСПО-2017 Астана» мамандандырылған халықаралық көрмесі қарсаңында қала тұрғындары мен қонақтары қосымшаның арнайы бөлімінен ЭКСПО-ға арналған іс-шаралар туралы толық бағдарламаны және билет сатып алуға арналған мәліметтерді көре алады. Қосымшаның мұнымен артықшылықтары бітпейді. Қалалық теміржол вокзалы, «Сапаржай» вокзалы, халықаралық әуежайдың көрсеткіш тақталарын да қосымшадан табасыз. Қалалық автобустардың жүру кестесі де осы жерде.   

«Astana Innovation» жобасын жүзеге асыру аясында қосымшада «Белсенді тұрғын» жаңа жобасы іске қосылады. Онда қалалық сервистердің жұмысына қатысты әлеуметтік сауалнама жүргізіледі.

Қосымшаның ескі нұсқасын 200 мыңдай адам қолданады. SmartAstana жаңалықтарына қосылу Instagram, Facebook және ВКонтакте желілері арқылы жүргізіледі.

Толық жаңартылып біткен соң SmartAstana мобильді қосымшасы желі қолданушылары үшін мен Android және IoS платформаларында 1 маусымнан бастап қол жетімді.

Соңғы жаңалықтар