Словенияда президент сайлауы басталды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Словениядағы президент сайлауына арналған 3 мыңнан астам сайлау учаскесі бүгін жергілікті уақытпен 19:00-ге дейін ашық болады.

Сарапшылар осы сайлаудағы басты үміткер - қазіргі мемлекет басшысы Борут Пахордың жеңіске жететіні күмәнсіз деп отыр. Жұрт тек ол бірінші турда 50%-тен астам дауыс жинай ала ма, әлде екінші турды өткізуге қажеттілік туындай ма, соны күтіп отыр.

Оның басты бәсекелесі - бұрынғы комик актер, қазіргі Камник қаласының мэрі, «Марьян Шарец тізімі» партиясының мүддесін қорғап отырған Марьян Шарец (19,6%) болса, одан кейінгі танымал тұлға Еуропарламент мүшесі, Словения демократияллық партиясынан шыққан Романа Томц сайлаушылардың 10,6%-і қолдауына ие.

Мемлекеттік сайлау комиссиясының хабарына қарағанда, 1,7 млн азамат сайлауға қатысады.

Соңғы жаңалықтар