Словакия премьерін ауыстырды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Словакия президенті Андрей Киска бейсенбі күні Братиславада болған салтанатты рәсім барысында социал-демократ Петер Пеллегриниге елдің жаңа үкіметін жасақтауды тапсырды, деп хабарлайды euronews.

Бұдан бұрын тап осы күні журналист  Ян Куцяктың өлімінен соң көтерілген наразылық толқынына байланысты премьер-министр Роберт Фицо отставкаға кетуге мәжбүр болған еді.

Президент Киска үкіметтің кең ауқымдағы қайта құрылуы елді қоғамдық-саяси дағдарыстан шығаратындығына үмітті.

Бір қызығы, 42 жастағы Петер Пеллегрини отставкаға кеткен үкімет басшысының жақын серіктесі, оның кезінде вице-премьер болған.

Ал одан бұрынырақ Пеллегрини  Словакия білім министрі, республикалық парламент спикері лауазымын атқарған еді.

Қаза тапқан журналист Ян Куцяк үкіметке жақын саясаткерлердің италиялық мафиоздық "Ндрангета" тобымен байланыстарын зерттеумен шұғылданған болатын.

Фото: europe.easybranches.com

Соңғы жаңалықтар