СҚО: Желіде мемқызметшілерді әшкерелейтін 300-ге жуық материал анықталды

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Этика кеңесі 2017 жылдың қорытындыларын жариялады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті басшысының орынбасары, этика жөніндегі өкіл Жанат Жұмабаевқа сілтеме жасап.

13 отырыста 37 тәртіп ісі қаралған. 18 мемлекеттік қызметші абыройын төгетін әрекеттері үшін жауапқа тартылып, соның біреуі қызметінен қуылған, тағы екеуі лауазымнан алынған. Тағы 13 мемлекеттік қызметші қызмет этикасын бұзғаны үшін жазаланды. 6 іс қызметшінің абыройын төгетін әрекеттері болмауына байланысты тоқтатылды.

Жауапқа тартылғандардың арасында жергілікті атқару және аумақтық органдардың 26 қызметкері, 5 ауылдық округ әкімі бар.
Жанат Жұмабаевтың айтуынша, мемлекеттік қызметшілердің арасында мас күйінде көлік жүргізу, халық алдында жүру фактілері жиі кездесіп отырады.

«Мас күйінде көлік жүргізгені үшін Айыртау ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысына, Александр ауылдық округінің әкіміне қатысты іс қаралды», - дейді ол.

Ж. Жұмабаевтың айтуынша, Торанғұл ауылдық округінің әкімі ЖШС-тердің бірінің қызметшісіне қатысты өрескел әрекеттерге барған, Амангелді ауылдық округінің әкімі жұмыс кезінде той жасап, той орнын жинастыруға мемлекеттік орган қызметшілерін жұмылдырған.

«2017 жылы СҚО мемлекеттік органдарында қызметтік этика нормаларын бұзғаны үшін 42 қызметші тәртіптік жауапқа тартылды. Департамент СҚО мемқызметшілерінің әлеуметтік желілеріне мониторинг жүргізіп, олардың абыройын төгетін 283 материалды анықтады. Басшыларға тиісті шаралар қарауы үшін ақпараттық хат жіберілді, фотосуреттер өшірілді», - дейді Ж. Жұмабаев.

Соңғы жаңалықтар