СҚО тұрғынын өз үйінде үсік шала жаздады

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - СҚО полицейлері аяз салдарынан нақты мекенжайы жоқ адамдарды анықтау жұмыстарын күшейтті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі СҚО ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Петропавлда қабылдау-бөлу қызметкерлері үйсіз адамдар жүретін жерлерді тексеріп жатыр. Қазір ол жерде нақты мекенжайы жоқ 47 адам бар.

«Түнеу бекеттері үшінші қыс жұмыс істеп жатыр, осы уақыт ішінде үсік шалып, ешкім қаза тапқан жоқ», - деді СҚО ІІД жергілікті полиция қызметінің басшысы Қанат Айтбаев.

Учаскелік полиция инспекторлары жалғыз тұратындарды, әлеуметтік осал топқа кіретін азаматтарды тексеріп шыққан.

Тайынша АІІБ қызметкерлері 43 жастағы Келлеровка ауылы тұрғынының өмірін арашалап қалды. Ол жылуы жоқ үйде ұйықтап қалған.

«Дүйсенбі күні таңертең полицияның аға лейтенанты Күмісбек Оспанов пен полиция лейтенанты Дмитрий Бизиков жалғыз тұратын ауыл тұрғынының есігін қаққан. Ашылмаған соң полицейлер есікті бұзып, ішке кірген. Диванда жатқан ауыл тұрғыны құқық қорғаушыларға жауап қатпаған. Оны ауруханаға апарды. Қазір өміріне ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ. Учаскелік полицейлер оған тамақ пен қысқы аяқ-киім алып берген», - деді баспасөз қызметінде. 

Соңғы жаңалықтар