СҚО тұрғындарының табиғи өсімі екі есеге кеміді

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Солтүстік Қазақстан облысы тұрғындарының 50%-дан астамы ауылдық жерлерде тұрады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Статистика департаментінің мәліметінше, 1 қыркүйектегі көрсеткіш бойынша аймақта 560 мың адам тұрады. 8 аядағы тұрғындардың табиғи өсімі 386 адамды құрады. Былтырғы жылы осы кезеңде бұл көрсеткіш 686 адамға тең болған. Жаңа туғандар саны 6,6%-ға азайып, 4916 адамды құрады, өлім-жітім 1%-ға қысқарды.

Соңғы 8 айда 4530 солтүстікқазақстандық қайтыс болды. Статистика департаментінің басшысы  Маржан Нұржауыпованың айтуынша, тұрғындар арасында өлім-жітімге көп жағдайда  тыныс алу органдары мен қан айналымы жүйесіндегі аурулары себеп болып отыр.

Аймақта бұрынғысынша, көші-қонның теріс сальдосы байқалады. Қаңтар-тамыз айларында ол минус 3642 адамды құрады.

Нақты деректерге қарағанда, облысқа 16553 адам көшіп келіп, 20195 адам көшіп кеткен. Көшіп келгендердің 4 146-сы - еліміздің басқа аймақтарынан келгендер, 500 - ТМЛ елдерінен (Ресей және Тәжікстан), 53 - әлемнің басқа елдерінен ( көбінесе Қытай және Германия). 

Соңғы жаңалықтар