СҚО тұрғындарына су басу қаупі ескертілді

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Солтүстік Қазақстан облысы төтенше жағдайлар департаменті 18-19 наурыздағы ауа райына байланысты ескерту жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазгидромет» РМК мәліметтеріне қарағанда, 18 наурыз күні күндіз 19 наурыз күні түнде өңірдің басым бөлігінде жаңбыр және қар жауады. Кей жерлерде көктайғақ болып, боран соғады, тұман түседі. Жел оңтүстік-батыстан секундына 15-20 метр жылдамдықпен соғады, екпіні 23-28 м/с-қа дейін жетеді. 18 наурызда ауа температурасы 0-3 градус жылы болады.

«18 наурызда жауын-шашын болып, кей жерлерде күшеюіне және күн жылынуына байланысты еріген қар суының шабындықтарға жайылу қаупі бар», - делінген хабарламада.

Бүгін облыс әкімдігінде төтенше жағдайлардан ескерту және жою жөніндегі комиссияның отырысында су басу қаупіне дайын тұру мәселесіне арналған отырыс өтті. Өңірде қар суы аса көп болмағанмен, 1,5 метрге жететін тоңнан қауіп болуы мүмкін. 

Соңғы жаңалықтар