СҚО Сәулет-құрылыс бақылау басқармасына жаңа басшы келді

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің өкімімен Сәулет-құрылыс бақылау және лицензиялау басқармасының басшысы қызметіне Валерий Затай тағайындалды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Валерий Затай, 1955 жылы дүниеге келген. Ол Мәскеу сәулет институтын «сәулетші» мамандығы бойынша тәмамдаған.
null

Еңбек жолын 1982 жылы «Севгражданпроект» ҚПИ-де бас сәулетші ретінде бастаған.

2004-2009 жылдары - СҚО құрылыс басқармасы бастығының орынбасары, облыстың бас сәулетшісі.

2009 жылдан бері СҚО сәулет және қала құрылысы басқармасына басшылық етіп келді.

ҚР Президентінің Құрмет грамотасымен, «Мәдениет қайраткері» төс белгісімен марапатталған.  

Соңғы жаңалықтар