СҚО полициясы ардагерлер қорына бір күндік еңбекақыларын аударады

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - СҚО полицейлері қайырымдылық сенбілігіне шықты, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.

СҚО ІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша, сенбілікке барлық бөлімшелердің қызметкерлері қатысқан.

«Біздің әкімшілік ғимараттың аумағы қажетінше тазаланып, қала тұрғындарына үлгі болуы керек. Себебі біздің қызметкерлер айналаны абаттандыру тәртібін бұзғандарды жауапқа тартатындар»,-дейді СҚО ІІД басшысы Берік Біләлов.

Ол жеке құрамға ҰОС және тыл ардегерлері тұратын үйлердің маңайын тәртіпке келтіру жөнінде тапсырма берді. Департаменттің медициналық қызметі соғыс ардагерлерінің үйлеріне жиі барып тұрады.

«СҚО полиция қызметкерлері Ардагерлер кеңесі қорына бір күндік еңбекақыларын аударады. Бұл ардагерлерге деген үлкен құрметтің белгісі»,-дейді баспасөз қызметі.

Соңғы жаңалықтар