СҚО полицейлері жоғалған малды іздеуде квадрокоптерлерді қолданды

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - СҚО |ІІД-де өткен отырыста полицейлер мен жергілікті басқару өкілдері ұрлыққа қарсы іс-қимыл мәселелерін талқылады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

ІІД баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, өңірдегі жалпы қылмыстың 60 пайызы осы ұрлықтың еншісінде. Облыста тіпті «2018-2020 жылдарға арналған бөтеннің мүлкін ұрлауға қарсы іс-қимыл бағдарламасы» құрылған.

«Пәтер тонау, ұялы телефон және мал ұрлығы  көп кездеседі. Қараусыз малдың жиі жоғалуы алаңдатып отыр»,-дейді баспасөз қызметі.

Қазір жергілікті полицейлер жоғалған малды квадрокоптерлердің көмегімен іздеуде. Уәлиханов ауданында жоғалған жылқы үш тәуліктен кейін табылды.

nullnull

Соңғы жаңалықтар