СҚО полицейлері Наурызға флешмоб ұйымдастырды

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Полицияның кешенді күштерінің жиыны ерекше жағдайда өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жергіліктің полиция қызметінің жол-патрульдік полициясы автопатруль батальонының 26 экипажы 22 деген цифрды бейнелеп сап құрды.

«Ал көліктердің жарықтары түн ішінде автоколоннаны ерекше әдемі етіп көрсетіп тұрды. Сондай-ақ жедел әрекет ету отрядының жаяу әскерлері екі қатарға сап түзеп, Қазақстан халқының бірлігін бейнеледі»,-деп хабарлады Солтүстік Қазақстан облыстық ІІД өкілдері.

Баспасөз қызметінің өкілдері «Қамажай» әнінің музыкасына ерекше клип дайындады. Instagram желісіне орналастырылған 1 сағаттың ішінде оны 5 мыңнан астам адам қарап, жүздеген комментарийлер жазған.

Солтүстік Қазақстан облыстық Ішкі істер департаментінің бастығы Серік Биляловтың бұйрығы бойынша, 21 наурыздан бастап, Солтүстік Қазақстан облысының тәртіп сақшылары жұмысты күшейтілген режимде атқарады. Қоғамдық тәртіпті қадағалау жұмыстарына күніне 1000 қызметкер кіріседі. 75-тен астам автопатрульдер жолдағы тәртіпті қадағалайды. 

ФЛЕШМОБ К НАУРЫЗ МЕЙРАМЫ ОТ ПОЛИЦЕЙСКИХ СЕВЕРО-КАЗАХСТАНСКОЙ ОБЛАСТИ В дни празднования Наурыз мейрамы на охрану общественного порядка в Северо-Казахстанской области заступает свыше 1000 полицейских, 75 автопатрулей. #police #полиция #Kazakhstan #Қазақстан #Қазақелі #Казахстан #Петропавл #Петропавловск #СКО #Наурызқұттыболсын #счастья_в_каждом_шаныраке #всемпраздничногонастроения

Публикация от dvd_sko (@dvd_sko) 20 Мар 2018 в 2:49 PDT

Соңғы жаңалықтар