СҚО полицейлері із-түссіз кеткен 50 адамды іздеп тапты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Солтүстік Қазақстан облысында жыл басынан бері 55 адам із-түссіз жоғалып кеткен. Оның 50-ін полицейлер аман-есен тауып, үйлеріне қайтарды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

СҚО ІІД баспасөз қызметінің келтірген мәліметіне сүйенсек, көп жағдайда адамдардың жоғалып кетуіне отбасы жағдайындағы келіспеушіліктер немесе қарапайым жауапсыздық себеп болуы мүмкін.
null 

«Петропавл қаласының 1979 жылғы тұрғыны полицияға хабарласып, өзімен бірге тұратын бауырының жоғалып кеткені туралы арыз жазды. Бұл ішімдікке құмар бауырының бірінші рет жоғалуы емес еді. Арыз берушінің айтуынша,жоғалған бауыры үйден кетпей тұрып бір күн бұрын айлығын алған. Осы себепті жігіттің жоғалу себебін білдік. Іздеу жұмыстары бір аптаға созылды. Полиция қызметкерлерінің іздемеген жері жоқ. Ақыры әлгі жігіт мейрамханалардың бірінде кәуәп жеп, мас болып отырған жерінен табылды», - дейді Петропавл қалалық ІІБ қылмыстық полиция бөлімінің бастығы, полиция майоры Руслан Сыздықов.

Хабарсыз үйінен кетіп қалатындардың ішінде денсаулығына байланысты жоғалып кететіндер де бар. Мәселен, Зайнутдинов Ривхат Хайрушевич есімді 1949 жылғы азамат 5 шілдеден бері табылмаған. Жасы келген адамның есте сақтау қабілеті нашар болғандықтан, бұрын да із-түссіз кетіп жүрген. Бойы 170 см, арық денелі, қысқа шашты, жоғалар кездеашық түсті қысқа жеңді көйлек, көк түсті трико киген кәрі адамды көргендерболса, хабар беруді сұрайды.

Жыл басынан берііз-түссіз кеткен 55 (олардың ішінде 19-ы - Петропавлдан) адамның 50-і табылып (17-іПетропавлдан) үйіне қайтарылған. 

Соңғы жаңалықтар