СҚО полицейлері ерекше флешмоб ұйымдастырды

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - СҚО полицейлері 8 наурызға орай мерекелік флешмоб ұйымдастырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО ІІД баспасөз қызметі өкілдерінің айтуынша, шұғыл әрекет ету жасағының қызметкерлері күнделікті маршты бүгін ерекше өткізген. Сап түзеген полицейлер көктемнің әсем мерекесінің құрметіне «8» цифрын өрнектеп, соғып тұрған жүректі бейнелеген.

«Барша әйелдерді көктем мерекесімен құттықтаймыз. Қасымызда, үйде немесе жұмыста нәзік жандардың бар екенін сезіну бойымызға күш-қуат береді», - дейді шұғыл жасақтың (СОБР) командирі Ерік Құлжанов.

Мерекелік сапты түзеуге арнайы бөлімшенің 50 қызметкері жұмылдырылды.

ІІД баспасөз қызметінің қызметкерлері барша қазақстандық әйелдерге керемет бейнебаян сыйлады. Оған Раймонд Паулстың әйгілі «Миллионы алых роз» әнінің ремиксі арқау етілді.

Instagram-ға салынған роликті екі сағатта 2 мыңнан астам адам қараған.

Публикация от dvd_sko (@dvd_sko) Мар 6, 2018 в 3:13 PST

Соңғы жаңалықтар