СҚО оқушылары оқулықсыз қалуы мүмкін

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Солтүстік Қазақстанның бірнеше ауданының және Петропавл қаласының әкімдігі оқулықтар сатып алуға қажет бюджет қаржысын қарастырмаған, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Облыстық әкімдіктегі отырыста Айыртау және М.Жұмабаев аудандарына 10 млн теңге, Уәлиханов - 16, Шал ақын - 7, Ғ.Мүсірепов - 12, Қызылжар - 14 және Петропавл қаласына - 30 млн теңге қаржының қажет екендігі анықталды.

«Неге бұлай болды? Бұл жұмыс жаз айларының ішінде жүргізілуі керек. 1 қыркүйекте балаларды оқулықсыз қалдырамыз ба?» - деді облыс әкімі Құмар Ақсақалов.

Білім басқармасының басшысы Гүлмира Каримова оқулыққа қажетті келісімшарт бұйрығының әне-міне шығатынын және 25 тамызға қарай оқулықтар балалардың қолдарында болатынын айтты.

Аудан әкімдері Қ. Ақсақаловқа сәуір-мамыр айларында оқулыққа қажет қаржыны бөлетіндерін айтып, уәде берді.

Соңғы жаңалықтар