СҚО мектептерінде 24 қаңтар күні де сабақ болмайды

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - СҚО мектептерінде сабақтар тоқтатылғалы бүгін үшінші күн болды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.112 қызметі 24 қаңтарда өңірдегі аяз - 40 градусқа дейін күшейетіні жайлы хабарлама таратты. Хабарламада 0-11 сыныптар аралығында сабақтар тоқтатылатыны айтылған.

Дүйсенбі мен сейсенбі күндері де (22-23 қаңтар) солтүстікқазақстандық оқушылар мәжбүрлі демалысқа шыққан болатын. Аймақтағы термометр бағаны түнде -30 градусқа дейін төмендеді.

«Дизельді көліктер үшін жол бұрынғыдай барлық бағыттар бойынша жабық. Жолдағы жағдай қалыпты»-деп хабарлайды СҚО ТЖД.
Полицейлер жолдарды патрульдік бақылауға алып, тұрақты мекені жоқ адамдар мен жалғызбасты тұрғындарды анықтау үстінде. Облыс орталығында қөпқабатты үйлердегі су құбырларының қатып қалу жағдайлары кездесіп жатыр.

Өңірдегі ауа-райының қолайсыздығына байланысты СҚО ТЖД жедел штабы құрылды.

Соңғы жаңалықтар