СҚО-дағы ауылдардың 57,5%-ы жыл соңына дейін орталықтандырылған су құбырына қол жеткізеді

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Ауылдардағы елді мекендердің сумен қамтамасыз етілу мәселесі облыс әкімдігінің аппараттық жиналысында талқыланды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі СҚО әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығының басшысы Тасмұрат Қатқадамовтың айтуынша, 2017 жылы «2020 жылға дейін «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы аясында ауылдық жерлерді сумен қамтамасыз етуге 1,8 млрд теңге сомасындағы 7 жобаны іске асыру жоспарланған. Оның ішіндегі алты жоба биылғы жылы аяқталса, біреуі - 2018 жылы толықтай бітеді.

Ағымдағы жылдың соңына дейін ауылдардың 57,5%-ы орталықтандырылған су құбырына қол жеткізеді деп жоспарлануда. Қазіргі таңда СҚО-дағы 669 ауылдың 377-і орталықтандырылған су құбырына қосылған.

Тасмұрат Қатқадамов хабаралағандай, «Есіл су» бөлімшесіне су мұнаралары беріліп, делдал мен негізгі тарифтегі өсімпұл қысқарады.
«Ағымдағы жылы 63 елді мекенге «Ауыз су» және «Ақ бұлақ» бағдарламалары аясында салынған нысандар беріледі. Екінші кезеңде 1991 жылға дейін салынған 151 елді мекендегі сумен қамтамасыз ету нысандарын беру жоспарда бар», - деді Энергетика және ТКШ басқарма басшысы.

Ол сондай-ақ, 200 адамнан кем тұрғыны бар ауылдарға су тарту желісін құрмастан, тұрғындарға ыңғайлы орындардан су жеткізу бекеттерін пайдалану туралы ұсынысты атап өтті.

Жекешелендіру жоспары аясында 2016 жылдан бері су жеткізу және су тарту қызметтерін көрсететін 14 мемлекеттік коммуналдық кәсіпорынның жеке меншікке өткенін мәлімдеді.

Соңғы жаңалықтар