СҚО-да жол талғамайтын көліктер жарысты

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Петропавл маңында әуесқой және кәсібилер арасында экстремальды көлік жарысы өтті.

«Саз-балшықтағы жарыс - 2016» сайысына Петропавл мен Көкшетау жүргізушілері қатысты. 12 машинаның арасында УАЗик пен Нивалар болды. Олар 2 шақырымдық сазды-балшықты қашықтықты еңсерді. Жол таңдамайтын көліктер бір бағдарда 5 айналым жасады.

«4x4 дөңгелекті автомобильдер екі санатқа бөлініп кедергілерді еңсерді. Ең алдымен «стандарт» көліктер, яғни әуесқой ТР-1 форматында жарысты. Келесі жарыста ТР-2 нұсқасында кәсіби жүргізушілер сайысты», - деді жарысты ұйымдастырушы Александр Градволь.

Алғашқы сайыста барлық көлік жолдың әр жерінде батып қалды. Әуесқой жүргізушілер батпақты жерлерден еркін өтуге тәжірибелері кемшін болып шықты. Келесі сайысты өткізу үшін оларды саздан шығаруға бір сағат уақыт кетті.

Жүргізушілер үздік атану үшін төрт сағатын жұмсады. Жарыс соңында кәсіпқойлар арасынан Василий Джимма жеңімпаз атанды. Екінші болып мәреге Евгений Карасёв жетті. Үшінші орынды Евгений Асташов пен Алексей Волков бөлісті.

Әуесқойлар арасында ТР-1 нұсқасы бойынша мәреге бірінші болып Олег Тиуков жетті. Екінші орында көкшетаулық Максим Леонов. Үшінші болып Мухортов Андрей мәре сызығын кесті.

Жарысты ұйымдастыруға «Петропавловск 4х4» клубы ат салысты. Жарыс жолы алдын ала дайындалды. Экскаватор көмегімен үлкен жыралар қазылды. Бұл маң батпақты болғандықтан оған су шығындалмады.

Клуб жарысты жылына төрт рет ұйымдастырады. Алайда әр жолы оған басқа жерлер таңдалады.

Соңғы жаңалықтар