СҚО-да жергілікті полиция қызметінің басшылары жиын өткізуде

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Қазақстанның барлық өңірлерінен жергілікті полиция қызметінің басшылары СҚО-ға жиналды. Бүгіннен бастап Петропавл қаласындағы Әскери институт базасында оқу-әдістемелік жиын өтіп жатыр.

Полицейлер шара қызметтік-іздеу жұмысын жетілдіріп, келешекте қызмет жұмысының тиімділігін арттыратынына сенімді.

«Жиында жұмысты жақсарту үшін басқа өңірлердегі әріптестерімен тәжірибе алмасады. Жергілікті полиция қызметі құрылған сәттен менің пайымдауым бойынша, криминногендік жағдай тұрақталды. Облыста жол-көлік оқиғасы, көше қылмыстары 7 пайызға азайғаны атап өтіледі», - деді Маңғыстау облысы ІІД ЖПҚ бастығы Амангелді Халмұрадов.

 

ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары полковник Талғат Мұсақанов пен оның әріптестеріне СҚО жергілікті полиция қызметінің жұмысы жайлы СҚО ІІД бастығы генерал-майор Берік Біләлов айтып берді. 

Ол СҚО ЖПҚ 1006 қызметкер бар екенін атап өтті. Облыс әкімдігінің қолдауымен қосымша 55 бірлік автомашина, 13 мобильді жылдамдық өлшеуіш, атмосфераға тасталған   зиянды заттарды есептейтін 4 аспап сатып алуға 300 млн бөлінді.  Кезекшілікке келетін әр полицейде видеотіркеуіш бар.

Қазір солтүстікқазақстандықтарды 215 видео бақылауда, олардың 80-і Петропавлда орналасқан. Үш жыл ішінде тағы 1247 камера орнату жоспарлануда.   25-і  облыс орталығының қылмыс жиі орын алатын учаскелеріне биыл орнатылады.

 

Облыстың бас полицейінің хабарлауынша, облыстық жергілікті полиция аппараты үшін арнайы қосымша ғимарат салу мәселесі шешілуде.

 «Ішкі істер департаменті Ресейдің Омбы, Түмен, Қорған облыстарының ішкі істер органдарымен белсенді шекаралық ынтымақтастықды жүзеге асыруда», - деп атап өтті Б. Біләлов.

Осы жылғы қарашада ресйліктердің қатысуымен СҚО полицейлері терроризм, экстремизм, заңсыз көші-қон, есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша жұмыс кездесуін өткізеді.

СҚО-да оқу-жаттығу жиыны 1 қазанға дейін жалғасады.

Соңғы жаңалықтар