СҚО-да жабайы қабанды аулаған браконьер ұсталды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - СҚО Жамбыл ауданында жабайы қабан аулаған браконьердің заңсыз әрекетінің беті ашылды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

СҚО ІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша, облыстық ІІД мен аудандық ІІБ бөлімі қызметкерлері бірлесіп, рейд жұмыстарын жүргізген. Рейд барысында Жамбыл ауданының Уердное ауылына жақын маңда автокөліктің ізі, бытыраның оғымен тесілген қабанның терісі мен ішкі мүшелері табылған.

«Автокөліктің ізі құқық қорғаушыларды Казанка ауылына алып келді. Ол қабанның терісі табылған орыннан 27 шақырым жерде орналасқан ауыл. Осы ауылдың тұрғынының үйінен атылған аңның еті мен аңшылық қаруы табылды», - делінген баспасөз қызметінің хабарламасында.

Келтірілген шығын көлемі  900 мың теңге. Заңсыз аң аулау жағдайы бойынша ҚР ҚК-нің 337-бабы 3-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалған.

Аталған бап айыпкерге 4 миллион 800 мың теңгеге дейін айыппұл салуды көздейді. 

Соңғы жаңалықтар