СҚО-да үш айдың ішінде 300 мемқызметші тәртіптік жазаға тартылды

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - СҚО мемлекеттік органдарында екінші тоқсанда әкімшілік мемлекеттік қызметшілерге 321 тәртіптік жаза қолданылды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі облыстық мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Департаменттің ақпараты бойынша, үш мемқызметші қызметінен босатылып, екеуі қызметінен төмендетілген, 19 адамға қызметіне толық сай келмеу туралы ескерту берілсе, 14 мемқызметшіге - қатаң сөгіс, 103 қызметшіге - сөгіс және 180 адамға - ескерту жарияланған.

Этика жөніндегі соңғы кеңесте 5 тәртіптік іс қаралған. Соның бірі - Петропавл қалалық мемлекеттік кірістер басқармасы басшысының орынбасары Есмағзұм Байбосыновқа қатысты. Мемлекеттік кірістер департаменті ішкі қауіпсіздік басқармасының қызметтік тергеу материалы бойынша, ол әкімшілік материалды қарау мерзімін ауыстыру кезінде зауыттардың біріне заңнан тыс артықшылық көрсеткен. Шенеунікке қызметіне толық сай келмеуі туралы ескерту беру ұсынылды.

Этика жөніндегі кеңесте СҚО қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің қызметіндегі жемқорлықтың қаупіне жасалған талдаудың нәтижесі қаралды.

«Департаменттің басшысына Қоғамдық денсаулық сақтау комитетіне жолданған ұсыныстардың орындалуын тұрақты бақылауға алу ұсынылды», - деп хабарлады сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ведомствосының баспасөз қызметінде. 

Соңғы жаңалықтар