СҚО-да Тәуелсіздікпен құрдас полицейлер флешмоб өткізді

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Петропавл полицейлері салтанатты саптық байқау өткізді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА СҚО ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жол-патрульдік полициясының жеке құрамы мен арнайы жедел әрекет ету тобының қызметкерлері Қазақстанның Әнұранын шырқап, сапқа тұрды. Сап түзеу ерекше үлгіде өтті: полицейлер «16» санын бейнелеп отырып сап түзіп жүрді. Олардың көпшілігі - Қазақстан тәуелсіздігінің құрдастары.

СҚО ішкі істер органдарында 1991 жылғы 80 полицей жұмыс істейді.

«Еліміздің басты мемлекеттік мерекесімен құттықтаймын. Мереке күндері күшейтілген жұмыс нұсқасына көшеміз. Бізге қоғамдық тәртіпті күзету, азаматтардың құқығын қорғау жүктелді», - деді Петропавл қалалық ІІБ жергілікті полиция қызметінің бастығы Асан Смағұлов.  

null 

Соңғы жаңалықтар