СҚО-да су деңгейі көтеріледі

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Солтүстік Қазақстан облысында алдағы демалыс күндері ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Төтенше жағдайлар департаменті «Қазгидромет» РМК-ның мәліметтеріне сілтеме жасай отырып, 7-8 сәуір күндері өңірде «күн жылы болып, жауын-шашын болуына және қардың еруіне байланысты өзендердегі су деңгейі көтеріліп, шабындықтарға жайылу қаупі бар» екендігін мәлімдейді.

Осымен бір аптаның ішінде екінші рет ескерту жарияланып отыр. Құтқарушылар осы хабарламаларға бейжай қарамай, қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырып жатыр.

Соңғы жаңалықтар