СҚО-да Ресейге заңсыз өтіп бара жатқан 17 өзбекстандық ұсталды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Көршілес елге заңсыз өтпек болған шетелдіктерді СҚО ІІД заңсыз миграцияға қарсы күрес взводының қызметкерлері «Западный» бақылау пунктінде құрықтады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Бұл туралы СҚО ІІД баспасөз қызметі хабарлайды.

Миграциялық полиция Астана қаласының тұрғыны жүргізіп бара жатқан «Тойота Хайс» автокөлігін тоқтатқан. Микроавтобусты тексеру кезінде Өзбекстан Республикасының 17 азаматының құжаттары болғанымен, миграциялық карточкаларының уақыты өтіп кеткендігі анықталған. Аталған азаматтар Ресейге табыс табу мақсатында бара жатқан.
null

СҚО ІІД миграциялық қызмет басқармасының бастығы Талғат Әбіловтің айтуынша, ұсталған азаматтар ішкі істер органдарында тіркелмеген.

«Аталған азаматтарға қатысты ҚР әкімшілік құқықбұзушылық туралы Кодексінің 517-бабы бойынша іс қозғалып, сотқа жолданды. Жыл басынан бері СҚО ІІД миграциялық полициясы осы бап бойынша 1558 шетелдік азаматты әкімшілік жауапкерілікке тартқан. Олардың 1536-ы - ТМД елдерінің азаматтары. Сот шешімі бойынша 72 шетелдік ел шекарасынан шығарылды. Заңсыз миграцияға қарсы күрес жалғаса береді», - деп хабарлайды СҚО ІІД баспасөз қызметінен.

Соңғы жаңалықтар