СҚО-да полицейлер жанармай құю бекетіне «шабуыл» жасады

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Солтүстікқазақстандық полицейлер жеке күзет құрылымдарының қызметкерлеріне кенеттен тексеріс жүргізді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Күзетшілердің қылмыскерлердің әрекеттеріне дайындықтарын тексеріп жатыр. Желтоқсанның соңында қала маңындағы жанармай құю бекетіне шабуыл жасалған. Сол кезде күзетші шабуыл жасаушыларға тойтарыс берген. Қылмыскерлер әлі табылған жоқ.

СҚО ІІД баспасөз қызметі мәлім еткендей, полицейлер Петропавлдың маңындағы жанармай құю станциясындағы сауда павильондарының бірін қарумен басып алған. Күзетші самбо әдістерін қолданып, шабуылшыны еденге құлатқан, ал кассир дабыл батырмасын басып үлгерген. Бірнеше минуттан кейін оқиға орнына жеке күзет ұйымының жедел тобы келген.
null null 

«Барлығы уақтылы келді. Оқу-жаттығу тағы да жүргізіледі, күзет агенттіктерінің, мобильді топтар мен жол-патрульдік батальонының әрекеттері тексеріледі», - деді СҚО ІІД күзет әрекетін бақылау бөлімінің бастығы Самал Қасенова.
null 

Соңғы жаңалықтар