СҚО-да өрт сөндірушілер бір әйелді құтқарып қалды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Петропавлда өрт сөндірушілер көпқабатты пәтерден шыққан өрт кезінде бір әйелді құтқарып қалды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

8 наурыз күні сағат 20:24-те Петропавл қаласындағы 4 қабатты тұрғын үйдің 2-қабатындағы 3 шаршы метр пәтерден өрт шыққан.

«36 адам эвакуацияланды. Оның алтауы - балалар. Өрт сағат 20:44-те ауыздықталып, 20:48-те сөндірілді. Өрт сөндірушілердің күшімен 1975 жылғы әйел құтқарылып, иіс газымен уланғандықтан ауруханаға жеткізілді. Өрт темекі шегу кезінде шыққан», - делінген хабарламада.
Тілсіз жаумен күресуге Солтүстік Қазақстан облыстық Өрт сөндіру қызметінің 12 қызметкері мен 3 техникасы жұмылдырылған.

Соңғы жаңалықтар