СҚО-да орман браконьерлері 280 текше метр ағашты заңсыз кескен

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Өткен жылы СҚО мемлекеттік орман күзетінің қызметкерлері заңбұзушылықтарды анықтау мақсатында 932 рейд өткізген, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасына сілтеме жасап.

Жүргізілген рейд қорындыларына сәйкес, заңсыз ағаш кесуге байланысты 58 қылмыстық іс қозғалған. Орман браконьерлері 284 текше метр ағашты заңсыз кесіп, мемлекетке 1 млн теңге шығын келтірген. Ағаш кесудің 4 фактісі бойынша кінәлілер анықталмаған.

«Орманды ағынды су арқылы бүлдіру , өндірістік қалдық, орманға қоқыс төгу сияқты 14 жағдай тіркелді. Келтірілген 91,7 мың теңге шығын толығымен өтелді»,-деді орман шаруашылығы бөлімінің бас маманы Айнұр Төлтаева.

Рейд барысында барлығы 262 заңбұзушылық тіркеліп, жалпы сомасы 2 млн теңгені құрайтын 204 әкімшілік айыппұл салынған. 

Соңғы жаңалықтар