СҚО-да мемқызметкерлер жұмыстан заңсыз шығарылған

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Мемлекет қызмет істері және сыбайлас-жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті басшысының орынбасары Жанат Жұмабаев «ҚазАқпарат» ХАА тілшісіне мемлекеттік қызметкерлердің құқығы қалай қорғалатыны туралы айтып берді.

Департамент  қызметтік әдеп нормаларын сақтауды бақылаумен қатар мемлекеттік қызметкерлердің заңды құқықтарын қорғаумен айналысады.

«Былтыр бізге жұмыстан шығарылған мемлекеттік қызметкер шағымданды. Тексеріс барысында оның жұмыстан заңсыз шығарылғаны анықталды. Басшы әкімшілік жауапқа тартылды», - дейді Ж.Жұмабаев.

Петропавл қалалық мемлекеттік кірістер басқармасындағы бөлім бастығына негізсіз сөгіс берілген. Оның іс-әрекеті зерттеліп, қызметтік тексеріс материалдарына енгізілмеген. Өз әріптесін соққыға жығып, көлігін тартып алған басшы немесе бала күтіміндегі ананы жұмыстан босату фактілері  Мемлекет қызмет істері және сыбайлас-жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің қатаң назарында.

«Біз жұмыс күнінің мөлшерін де қадағалаймыз. 19-00 мен 20-00 арасында мемлекетті органдарды аралап көреміз. Өткен жылы аталған уақытта жұмыста болған 80 адамға ескерту берілсе, биыл ол көрсеткіш 20-ға  кеміген», - деді Ж. Жұмабаев.

Соңғы жаңалықтар