СҚО-да мемқызметкерлер жалақының төмендігіне байланысты жұмыстан шығуда

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - СҚО бойынша Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің басшысы Ғалым Тұрсынбаев өңірдегі бос орындар және мемлекеттік қызметкерлердің жұмыстан кетіп жатқандығы туралы мәлім етті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Аймақта 5 мың шамасында мемлекеттік қызметкер бар екен. Іс жүзінде 4,6 мың қызметкер жұмыспен қамтылған. 388 орын бос тұр.

«Мемлекеттік қызметкерлердің жұмыстан кетуінің негізгі себептерінің бірі мамандардың жекеменшік немесе квазимемлекеттік секторларға ауысуы. Өз еркімен жұмыстан кеткендердің көбі төмен жалақы және мөлшерден тыс жүктемеге шағым айтқан»,-дейді Ғалым Тұрсынбаев.

Соңғы жаңалықтар