СҚО-да медицина факультеті ашылады

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - СҚО мемлекеттік университетінің алдағы даму жоспарлары туралы ЖОО ректоры Серік Өмірбаев айтып берді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Оның айтуынша, бүгінгі таңда елде қолға алынған жаңа бастамалардың 40 пайызы жастар мәселесіне бағытталған.

«Ең алдымен жаңа мамандықтар ашылады. Қазір бар 48 мамандықтың үстіне техникалық және ауыл шаруашылығы саласымен байланысты 23 мамандық ашылады»,-деді С.Өмірбаев.

 Облыс әкімінің тапсырмасымен университетте агротехникалық және медициналық факультеттер өз жұмысын бастамақ. Ректордың айтуынша, абитуриенттер биылдан бастап қабылдана бастайды.

«Университет клиникалық кешен ұсыну мақсатында жергілікті денсаулық басқармасына ұсыныс жіберді. Онсыз медициналық факультет ашу мүмкін емес. Басқа құжаттардың бәрі дайын тұр. Клиникалық кешенге қол жеткізсек, лицензиялау жұмыстары басталады. Қалада ғылым кандидаты, PHD докторы ғылыми атақтары 11 адам бар. Оларды университетке тартсақ биылдан бастап интернатура ашу мүмкіндігіміз бар. Екі жылдың ішінде өзіміздің жергілікті медициналық мамандарды дайындап шығара аламыз», - дейді ректор.

С.Өмірбаев СҚО оқушыларына бөлінетін гранттың да ұлғайып келе жатқанын тілге тиек етті.

«Біздің ЖОО-ның 2022 жылға қарай ұлғая түсетінін есепке алатын болсақ, жатақханадағы орындар қажеттілігі 3,8-ге жетеді. Қазір бізде 1,1 мың орынға шақталған үш жатақханамыз бар. Қазірдің өзінде 1,3 мың орынның жетіспеушілігі байқалады. Кем дегенде екі жатақхана салуымыз керек. Жобалық-сметалық құжаттар дайын тұр, құрылыс құны 4,4 млрд теңге»,-дейді С.Өмірбаев.

Соңғы жаңалықтар