СҚО-да мас күйінде көлік жүргізген ауыл әкімі жазаға тартылды

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Әдеп жөніндегі кеңесте М. Жұмабаев ауданы Александров ауылдық округінің әкімі Қайыргелді Байтақовқа қатысты тәртіптік іс қаралды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Шенеунік ақпан айында мас күйінде рульге отырған. Ауыл округі әкімінің көлігін кешкі сағат 18.30 шамасында полиция қызметкерлері тоқтатқан. Сарапшылар мастықтың жеңіл деңгейін анықтаған. Оның үстіне, мемлекеттік қызметшінің өзі де бір стақан сыра ішкенін мойындаған. Әкімшілік соттың шешімімен Қайыргелді Байтақов үш жылға жүргізуші құқығынан айырылған болатын.

Әдеп жөніндегі кеңестің мүшелері оған қатаң сөгіс жариялауды ұсынды. Бұл мұндай әрекет үшін аса қатаң жаза емес. Шенеуніктің жасы мен мемлекеттік қызметтегі 20 жылдық еңбек өтілі ескерілген. Қайыргелді Байтақов өз ісіне өкінетінін және оның бұдан былай қайталанбайтынын жеткізді. 

Соңғы жаңалықтар