СҚО-да мас әйел дүкенді «миналаған»

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Солтүстік Қазақстан облысында жыл басынан бері алғаш рет лаңкестік әрекет туралы жалған хабарлама түсті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА СҚО ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тайынша қаласындағы дүкендердің біріндегі  жарылғыш зат туралы қоңырау аудандық ІІБ кезекші бөліміне түскен. Көрсетілген мекенжайға полиция мен ТЖ бөлімінің қызметкерлері барған. Олар дүкен мен оның аумағын тексеріп шығып, ешқандай жарылғыш зат таппады.

«Жедел-іздестіру шаралары барысында 36 жастағы Тайынша тұрғыны -полицияға қоңырау шалған нөмірдің иесі ұсталды. Сол күні әйелдің мас болғаны анықталды», - деп атап өтті баспасөз қызметіндегілер.

Тайынша аудандық ІІБ бастығы Нұрлыжан Ақтановтың айтуынша, аталмыш факті бойынша ҚР ҚК 273-бабы «Терроризм актiсi туралы көрiнеу жалған хабарлау» бойынша қылмыстық іс қозғалды. 

Соңғы жаңалықтар