Ауа райы
Астана 21 °С
Алматы 21 °С
валюта бағамы
USD 332.68
EUR 389.40
RUB 5.60
CNY 49.85

СҚО-да көлік жүргізу құқығынан айырылған жігіт жүргізуші болып істеген

СҚО-да көлік жүргізу құқығынан айырылған жігіт жүргізуші болып істеген
2017 жылғы 12 тамыз 17:01 412

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Солтүстік Қазақстан облысында үш күн ішінде 1331 жол жүру ережесін бұзушылық анықталды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі СҚО ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Атап айтсақ, 143 жылдамдықты арттыру, 147 көлікті басқара отырып телефонмен сөйлесу және 238 қауіпсіздік белбеуін пайдаланбау тіркелді. Уәлиханов ауданында полиция қызметкерлері жұмыс берушісінен көлік құралын басқару  құқығынан 3 жылға айырылғандығын жасырып, жұмыс істеуін жалғастырған 22 жастағы КамАЗ жүргізушісін ұстады.

Сонымен қатар, полиция қызметкерлері екі күн ішінде мас күйде көлік басқарған 15 жүргізушіні тоқтатты.

Олардың екеуі - 1990 және 1989 жылғы жергілікті тұрғындар едәуір қызу күйде болған. Оның үстіне ешқашан жүргізу емтиханын тапсырмаған болып шықты.

«Лада» көлігінің 20 жасар жүргізушісі жуырда ғана уақытша ұстау оқшаулағышынан шыққан. Аудандық сот оны көлік жүргізу құқығы жоқтығына қарамастан, ағасына тиесілі автокөлікті жүргізгендігі үшін  20 тәулік әкімшілік қамауға алған. Жазасын өтеп шыққан жігіт «бостандығын жууға»  және қайтадан көлік басқаруға асыққан», - деді баспасөз қызметі. Ендігі уақытта ҚР ҚК 608 бап 7 бөлімінде қарастырылған әкімшілік құқық бұзушылықтарға сәйкес, мас күйде көлік айдаушыны оқшаулағышта бұрынғысынан ұзақ мерзімде ұстау жазасы күтіп тұр.

Жыл басынан бері алкоголь 8 жол көлік апатына себеп болып, 2 адам қаза тауып, 12 адам ауыр жарақат алған. 

 

 

Басты сөздер: Солтүстік Қазақстан облысы, Көлік, Оқиға,
Қате таптыңыз ба? Белгілеп, CTRL+ENTER басыңыз

Пікір қалдыру

Соңғы Пiкiрлер