СҚО-да қоқыс тастаған ауыл тұрғыны тұтқындалды

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Солтүстік Қазақстан облысында елді мекенде қоқыс тастап кеткені үшін ауыл тұрғыны 1 тәулікке қамалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық ІІД-нің баспасөз қызметі оқиға Аққайың ауданы, Черкасское ауылында болғанын жеткізді. Учаскелік инспектор Серғазы Қасенов өзіне берілген аймақты бақылау барысында жүк көлігін байқап қалған. Көліктің жүргізушісі елді мекеннің маңына қоқыстарын тастап кетіп бара жатқан.

«Істі тексеру барысында мәлім болғаны, Қиялы ауылының 26 жастағы тұрғыны Черкаское ауылына отын алып келуге бара жатқан. Ауылға кіре берер тұста ол грейдер маңына жүк көлігіне салып алып келген қоқыстарын тастай салған. Оның әрекетіне қатысты «Қалалар мен елді мекендердің көгалдандыру ережелерін бұзу» әрекеті бойынша әкімшілік хаттама толтырылды»,-деп хабарлады баспасөз қызметіндегілер.

Сот шешіміне сәйкес ауыл тұрғыны 1 тәулікке қамауға алынды.

Жергілікті полиция ақпараты бойынша, қаңтар айында облыс бойынша, қалалар мен елді мекендерді көгалдандыру талаптарын бұзудың 770 фактісі анықталған.

Соңғы жаңалықтар