СҚО-да «ҚазАвтоЖол» филиалының басшысы пара алу күдігімен ұсталды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі ұлттық бюроның Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті қызметкерлері «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы» АҚ облыстық филиалының басшысы А. Жанкинді пара алу күдігімен ұстады, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі. 

4 млн. теңге мөлшеріндегі заңсыз сыйақыны ол Ұлттық қордың есебінен «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын реконструкциялауды жүргізіп жатқан мердігер ұйымға қамқорлық жасау үшін алған.  

Жанкин Петропавл қаласының ІІБ уақытша ұстау абақтысына қамалды.

Сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

 

Соңғы жаңалықтар