СҚО-да кәсіпкердің 10 млн теңгесін ұрлағандар ұсталды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Солтүстік Қазақстан облысының Тайынша ауданының полиция қызметкерлері ірі көлемдегі ақша ұрлығына қатысты күдікті ретінде Ақмола облысының үш тұрғынын ұстады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі СҚО ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

СҚО Тайынша ауданындағы ірі шаруа қожалықтан ірі көлемде ақша тоналды. Даудың басы Ақмола облысынан келіп, мал сатып алмақ болған үш адамның саудасынан басталады. Үшеуі шаруа қожалықтың иелерінен жалған купюрмен 2 бұқа сатып алады. Бірақ тапқандары қылмыскерлерді қанағаттандырмаса керек. Ертеңінде таңертең шаруа иелері өз жұмыстарымен жүрген уақытта қылмыскерлер олардың үйіне еніп, ақшаларын ұрлап кеткен. Бірақ бұған да тоқтамаған олар ертеңінде тағы да үйге еніп, жалпы сомасы 10 миллион теңгені қолды қылған.

«Олар алысқа ұзай қоймады. Тәртіп сақшыларының жедел әрекет етуінің нәтижесінде үшеуі Ақмола облысында ұсталып, Көкшетау қаласының уақытша оқшаулау орталығына қамалған. Үш күдіктіге қылмыстық кодекстің «Алаяқтық» бабы бойынша айып тағылып отыр», - деп хабарлайды СҚО ІІД баспасөз қызметінен.

Кінәлары сотта дәлелденген жағдайда олардың әрқайсысы 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Соңғы жаңалықтар