СҚО-да қандай мамандардың жалақысы жоғары

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпаат - Үшінші тоқсанда Солтүстік Қазақстан облысындағы орташа айлық жалақы 107 151 теңгені құрады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА статистика департаментіне сілтеме жасап.

Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда, жалақы көлемі 10,9%-ға өскен.

«Салалық құрылымда ең жоғары жалақы қаржы және сақтандыру қызметінде  - 185 530 теңге, ал көлік пен қаттау саласында - 178 564 теңге. Ақпарат және байланыс қызметкерлері үшінші орынды иеленіп, олардың жалақысы 149 751 теңгені құрады», - деп атап өтті статистика департаментінде.

Əкімшілік жəне техникалық қызмет көрсету саласындағы қызметкерлердің еңбекақысы төменгі көрсеткіш деңгейіне (67,177 теңге) ие. Бұл орташа облыстық көрсеткіштен 37,3% -ға аз. Өнер, ойын-сауық және демалыс қызметкерлерінің жалақысы да (75 748 теңге) жоғары емес.

Соңғы жаңалықтар