СҚО-да қалыңдығы 1,5 метр тоң су тасқынына соқтыруы мүмкін

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Солтүстік Қазақстан облысының құтқарушылары су тасқынына дайындық туралы айтты, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Биыл өңірде су тасқынының аса қаупі жоқ. Соған қарамастан, жердің ылғалданып, топырақтың тоң болып қатуы жағдайды қиындатуы мүмкін. Қазір тоңның қалыңдығы кей жерлерде 1,5 метрге жетеді.

Солтүстік Қазақстан облыстық төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Ерік Сарыбаевтың айтуынша, күн жылынып, жауын-шашын көп түссе, топырақ ылғалды тез сіңіре алмайды. 

Кейбір елді мекендердегі көлдерде судың деңгейі көтерілуі мүмкін.

«Көлдегі су деңгейін 30 сантиметрге төмендету бойынша шаралар қолдандық. Бір сантиметр - 400 мың «текше» су. Биыл алғаш рет «Қазгидрометпен» бірлесіп жұмыс тобын құрдық. Жұмыстың нәтижесінде толық картинаны көре аламыз», - деді Е.Сарыбаев.

Облыста қар жамылғысының биіктігі 8-30 сантиметр аралығында.

Е.Сарыбаевтың ақпараты бойынша, құтқарушылар кез келген жағдайға дайын. 127 елді мекен мен тасжолдың 291 учаскесі жіті бақылауда. 

Иллюстрациялық фото

Соңғы жаңалықтар