СҚО-да ірі көлемде астық ұрлағандардың ісі қаралып жатыр

None
None
 ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Ірі көлемде астық  ұрлады деген күдікпен, Солтүстік Қазақстан облысындағы «Азық-түлік корпорациясы» АҚ филиалы директорының үстінен қозғалған қылмыстық іс сотқа жіберілді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

«Сақталып тұрған бидайды сатты деген күдікпен ұсталған  «Азық-түлік корпорациясы» АҚ филиалы мен тағы  бір ЖШС директорына қатысты  сотқа дейінгі тергеу жұмыстары аяқталды. Олар жасаған  қылмыстан мемлекет 400 млн теңге зардап шегіп отыр»,-деді тергеу басқармасының жетекшісі Асылбек Ыдырысов сейсенбіде өткен брифингте.

Тергеу нәтижелері көрсеткендей, күдіктілер 9 мың тонна бидай ұрлаған.

А. Ыдрысов  барлық шығынның орны толтырылғанын айтты. Сотқа дейінгі тергеу аяқталып, қазір қылмыстық істі сот қарап жатыр. Күдіктілер қамауда отыр.

Өңірдегі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұлттық бюро департаменті басшысының орынбасары Данияр Мүсілімов, аталған қылмыс ведомство басшылығының қатаң назарында екендігін жеткізді

«СҚО - астықты өңір. Сондықтан бұл факт маңызды мәселе ретінде қарастырылады. Қылмыстық іс шілде айынан бастап қаралып келеді. Жылдың соңына, келер жылдың басына қарай  кінәлілерге үкім шығарылады», - деді Д. Мүсілімов.

Соңғы жаңалықтар