СҚО-да иесіз қалған көпқабатты үйлер жөнделіп жатыр

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - СҚО, Айыртау ауданы, Саумалкөл ауылында 20 жылдан бері иесіз тұрған көпқабатты ескі үйлер қайта қалпына келтіріледі, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Аудан әкімінің орынбасары Айдын Қазжановтың айтуынша, ауылдағы 18 үйдің төртеуі жөнделген. Үйлер енді жылу жүйесіне қосылмақ.

«Жылу қазандығының құрылыс жобасы 2017 жылы басталған. Мамырда іске қосамыз», - деді А.Қазжанов.

Облыс әкімі жыл сайын бір үйді пайдалануға беру жөнінде тапсырма берді.

«Жыл сайын бір үйді тұрғындар игілігіне тапсырамыз. Зерттеу жүргіздік, әзірге 9 қабатты үйлерге тиіспейміз, оның лифтілерін қалпына келтіру керек. Тек бес қабатты тұрғын үйлерді қалпына келтіреміз», - деді Құмар Ақсақалов.

Саумалкөлдегі көпқабатты тұрғын үйлер орналасқан шағынаудан 90-шы жылдары уран өндіруші кеншілерге арнап салыныпты. Тоқырау жылдары жаңа үйлер жылусыз қалып, тұрғындар жан-жаққа көшіп кеткен.

Көпқабатты құрылыстар ұзақ жылдар бойы қаңғыбастардың мекені мен қылмыс орынына айналған.

Енді 20 жылдан кейін қараусыз қалған баспаналар иелерін табады.

Соңғы жаңалықтар