СҚО-да электр энергиясының бағасы көтерілмек

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Петропавлда 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап электр энергиясының тарифін көтеру жөніндегі мәселе талқыланды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат».

СҚО бойынша табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау департамені басшысының міндетін атқарушы Наталья Шаяхметованың айтуынша, «Солқазэнерго» ЖШС қарашаның аяғында 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап электр энергиясы шектік бағасының көтерілуі туралы мәлімдеген.

«Электр энергиясының бағасын орташа 15,97 теңгеге арттыру туралы мәлімдеме жасалған. Ал қазіргі баға 14,62 теңгені құрайды, яғни баға өсімі 9,2% болып отыр. Департамент бағаны арттыру жөніндегі жобаны сараптамадан өткізеді. Тұрғындардың пікірі ескеріледі. Содан кейін ортақ шешім шығарылады», - дейді Наталья Шаяхметова.

«Солқазэнерго» ЖШС тарапы бағаны көтеруге негіздің бар екендігін алға тартып отыр. «Ағымдағы жылдың 1 қаңтарынан бастап электр энергиясын жеткізіп берудің құны артқанын, ал тариф соңғы рет 2016 жылдың 1 қаңтарында өзгертілген», - дейді ЖШС бас директорының міндетін атқарушы Мағауия Сағындықов.

Оның сөзіне қарағанда кәсіпорын 2015 жылдан бері 1 млрд теңге залал көрген.

Соңғы жаңалықтар