СҚО-да электр энергиясы қымбаттап кетті

None
None
ПЕТРОПАВЛОВСК. ҚазАқпарат - 1 қаңтардан бастап СҚО-да электр энергиясының бағасы көтеріліп кетті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

СҚО бойынша Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі департамент басшысының орынбасары Наталья Шаяхметованың айтуынша, жеке тұлғалар үшін баға ҚҚС-ты қоса есептегенде 5 пайызға, яғни 13,5 теңгеге, заңды тұлғалар үшін 5,2 пайыз, 16,31 теңгеге қымбаттаған.

Электр бағасы СҚО-да 2016 жылдан бері бірінші рет көтерілді.

ҚР Ұлттық экономика министрлігінің табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитеті бұған дейін еліміздің бірқатар аймақтарында 2018 жылдың 1 қаңтарынан электр энергиясының қымбаттайтынын мәлімдеген болатын.

Соңғы жаңалықтар