СҚО-да екі аптадан бері 24 жастағы жігітті іздеп жатыр

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - жергілікті полицейлер 24 жастағы облыс тұрғыны Денис Виниченконы іздестіріп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Солтүстік Қазақстан облысының ІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша, ол 9 сәуір күні үйінен шығып кетіп қайта оралмаған. Жоғалған адамның сыртқы белгілері: көкшіл түсті күрте, көк джинси, қара бәтеңке киген. Бойы - 185, денесі арық келген, шашы мен көзі қоңыр түстес.
«Жыл басынан бері СҚО-да 19 жоғалған адамның 16-сы табылды»,-дейді өңірдегі криминалдық полиция басқармасының басшысы Петр Климов.

Соңғы жаңалықтар