СҚО-да бизнесті жеделдете дамыту бағдарламасы таныстырылды

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - СҚО-ның кәсіпкерлер палатасында бизнесті жеделдетіп дамытудың жаңа бағдарламасы жайлы айтылды, деп хабарлады «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

«Атамекен» ҰКП бағдарламасы 10 қадамнан тұрады. Біріншісі шағын кредиттеуді кеңейтуге қатысты. Қазіргі уақытта бұл қызмет мемлекеттік бағдарлама аясында ғана көрсетіледі. СҚО кәсіпкерлер палатасының директоры Тұрар Ысқақов атап өткендей, жұмысын жаңадан бастаған кәсіпкерлердің басым бөлігі үшін пайыздық мөлшерлеменің жоғары болуынан шағын кредитке қолжетімділік аз. Онымен қоса, кепілзатпен қамтамасыз етумен, жобаны сүйемелдеудің жоқтығымен проблемалар жиі туындайды. 2017 жылы шағын несиелеудің өз жүйесі арқылы «Атамекен» ҰКП  10 млдр. теңгені игеруге әзір.

Екінші қадам аясында кәсіпкерлер палатасы халықты бизнес негіздеріне жаппай оқытуды енгізуді жоспарлауда.

«Барлық оқыту бағдарламалары шағын кредиттеу жүйесімен үйлеседі. Бұл оқыту қорытындысы бойынша бизнесті бастау үшін мүмкіндік жасауға ықпал етеді. Ол үшін бір саладағы шағын және орта бизнес кәсіпорындары орналасатын болатын - арнайы шағын индустриалық аймақтар іске қосылуы тиіс. Мысалға, барлық тігін кәсіпорындары. Бағдарламаның жалпы атауы «Шеберлер қаласы» болады», - деді ол.

Сондай-ақ бағдарлама аясында ауыл шаруашылығы кооперативтеріне, қазақстандық тауар өндірушілерге өнімнің бәсекелестігін арттыру бойынша көмек көрсетіледі. «Бизнес үшін үкімет» сервисін құру жоспарлануда.

Соңғы жаңалықтар