СҚО-да баяу интернет технологиялардың дамуына кедергі болып отыр

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Солтүстік Қазақстан облысының тұрғындары облыс әкімінен ауылдардағы интернет қашан жақсаратынын сұрады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Есеп беру кездесуінде Құмар Ақсақаловқа ауыл халқының қолы қашан жылдам интернетке жететіні туралы сұрақ қойылды.

Облыс әкімі кейбір елді мекендерде баяу интернет мәселесі бар екенін мойындады. Облыстағы медициналық ұйымдардың 14%-ы нашар интернеттен мезі болып отыр.

«Мектептердің 77%-ында интернеттің жылдамдығы 4 мегабиттен асады. Қазақтелекоммен бұл бағытта жұмыс істей бастадық. Жыл соңына дейін бұл көрсеткішті 94%-ға жеткіземіз. Ауыл шаруашылығына жаңа технологияларды тек жылдам интернет болғанда ғана енгізе аламыз», - деді Қ. Ақсақалов.

Оның айтуынша, мемлекеттік бағдарлама аясында оптикалық талшықты байланыс желісі тартылады. Онсыз жылдамдығы жоғары интернетке қол жеткізу мүмкін емес. Бірақ бұл жоба қыруар қаржыны талап етеді.

«Министрлік жобаны жүзеге асыру үшін қаражат қарастырып жатыр. Ол жайлы үнемі айтамыз. Алдағы уақытта оның нәтижесін көреміз деп ойлаймын», - деді облыс әкімі.

Соңғы жаңалықтар