СҚО-да аялдама шынысын сындырған тұрғын 2 жылға сотталуы мүмкін

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Петропавлдың жергілікті полиция қызметінің қызметкерлері аялдама павильонын сындырған 23 жастағы қала тұрғынын ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат СҚО ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Анықталғандай, бір топ мас жас жігіттер қала сыртында демалғаннан кейін үйлеріне жаяу келе жатады. Олардың бірі телефонмен сөйлесіп, эмоциясына ерік беріп, бірнеше рет аялдаманың әйнегін ұрып сындырады.

«Кейін оның достары аялдаманың әйнегін ұрып жатқанда оның аяғын жарақаттап алғанын байқап, жедел-жәрдем шақырған. Жас жігітті ауруханаға жеткізген. Оқиға кезінде ол мас болған. Ол өз кінәсін толық мойындады, алайда өзінің бұзақылық әрекетін нақты түсіндіріп бере алмады», - деді баспасөз қызметі.

Петропавл қалалық ІІБ жергілікті полиция қызметі бастығының орынбасары Шамшиден Ақышовтың айтуынша, ҚР ҚК 293-бабы «Бұзақылық жасау» бойынша материал жинақталған. Бұл баптың санкциясы бойынша екі жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Соңғы жаңалықтар