СҚО-да ауыл тұрғындары өртеніп жатқан үйдің балаларын құтқарып қалды

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Солтүстік Қазақстан облысының Тимирязов ауданындағы Степное ауылының тұрғындары өртеніп жатқан үйден әйел мен екі жас баланы құтқарып алды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі СҚО, ІІД сілтеме жасап.

Өрт күндізгі уақытта болған.

Көрші үйдің өрттеніп жатқанын ең алдымен Иван Котов байқаған. Қою түтіннен ішке кіре алмаған ол өрт сөндіру қызметіне қоңырау шалады.

«Осы мезетте көмекке 37 жастағы Азамат Рамазанов келеді. Жігіттер терезені сындырып ішке кіріп дәлізде тұншығып жатқан әйелді алып шыққан. Жатын бөлмедегі 2 және 3 жасар сәбилерді де құтқарып қалды»,-деп хабарлайды баспасөз қызметі.

1954 жылы туған әйел 1-3 дәрежелі күйікпен аудандық ауруханаға жеткізілді. Балалар зардап шеккен жоқ.

Өртті жергілікті «Тухватуллин» шаруа қожалығының еріктілері маңайдағы тұрғындардың көмегімен өшіріп алған.

Соңғы жаңалықтар