СҚО-да 7,6 млрд теңгенің алты ірі жобасы жүзеге асырылады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Солтүстік Қазақстан облысында биыл 7,6 млрд теңгенің 6 ірі жобасын жүзеге асыру жоспарланған. Петропавл қаласындағы Погодин театрының ғимаратында халық алдындағы есеп берген облыс əкімі Ерік Сұлтанов осылай мәлім етті.

Екі сағатқа созылған кездесу барысында облыс басшысының 2016 жылы атқарылған іс-шаралар қорытындысы мен болашақта атқарылар жұмыс жоспарлары тыңдалды. Кездесу барысында жұмыс істеген call centre-ге 30 сұрақ келіп түссе, 20-дан астам солтүстікқазақстандық аймақ басшысына ашық микрофон арқылы сұрақтарын қойып, жауап алды. Облыс əкімінің есебіне ақпарат жəне коммуникация министрі Дəурен Абаев қатысты.      

Өңір басшысының ақпараты бойынша өткен жылы әлеуметтік-экономикалық дамуы оң серпін берген, макроэкономикалық көрсеткіштер өсімі қамтамасыз етілген.

2016 жылы 38,0 млрд теңге кіріс жиналған. 2015 жылмен салыстырғанда өсім қарқыны 18,5 пайыз болды. Бюджеттің шығыс бөлігі 99,6 пайызға орындалды.

Соңғы жаңалықтар