СҚО-да 2016 жылғы түлектердің басым бөлігі дәрігер болғысы келеді

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - СҚО Кәсіпкерлер палатасы 5,5 мың студенке сауалнама жүргізген, оның 15,6 пайызы медициналық білім алуға ниетті, деп хабарлады аталмыш ұйым баспасөз қызметі.

«Сауалнамаға 13 ауданнан, Петропавл қаласынан 9 сыныптан - 5482, 11 сыныптан - 10801 түлек қатысты. Олар таңдаған мамандықты СҚО-да, ҚР-ның басқа облыстарында, РФ-да, колледждерде немесе ЖОО-да білімін жалғастырғысы келетінін көрсетті», - деді СҚО КП сарапшысы Ирина Торопова.

Сауалнама нәтижесі бойынша сұралғандардың 47,6 пайызы ЖОО-да білімін жалғастырғысы келеді, СҚО колледжінде - 23,5 пайызы, 15,7 пайызы ҚР басқа облыстарында, 8,8 пайыз түлек РФ-да орта арнайы білімі алғысы келетінін мәлімдеген.

Мектептен кейін бірден жұмыс істегісі келетіндер 3 пайыз немесе 164 респондент. Әлі жоспары айқындалмағандар да кездеседі, олардың саны - 32.

«Көпшілігі медициналық білім алғысы келеді. Олардың саны - 855 немесе 15,6 пайыз, 400 түлек ұстаз болғысы келсе, 351 - агроном, 329- әскери, 269 - инженер, 269 - заңгер, 208 - бизнесмен, 186 түлек - дизайнер, 175-і экономист, 164-і бағдарламашы және т.б., бұл ретте түлектерге сауалнама жүргізген үш жылда алғаш рет «бизнесмен» нұсқасы таңдалуда, бұл бізді қуантады», - деп сөзін жалғады Ирина Торопова.

Одан кейінгі мамандықтар: теміржолшы - (2,8%), бухгалтер (2,5%), механик (2,4%), журналист (2,1%), аспаз (2%), банкир (1,9) және т.б.

Сауалдама нәтижесі талдау үшін облыстың білім басқармасына және оқу орындарына жіберілді.
null

Соңғы жаңалықтар