СҚО-да 15 жыл бұрын жасалған қарақшылық қылмыс ашылды

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Солтүстік Қазақстан облысында полиция 2001 жылдың күзінде болған қарашқылық шабуылды әшкереледі, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі СҚО ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Арнайы операция барысында өңірлік полицейлер бұрын жасалған 8 тонауды ашты, оның төртеуі «өткен жылдар» санатына жатады. Тайынша ауданында жедел шаралар жүргізу арқылы  2001 жылдың күзінде болған қарақшылық шабуыл әшкереленді.

«Бетперде киген екі адам Тайынша ауылының тұрғынының үйіне басып кірген. Үй қожайынын жаралап, азық-түлік пен ақшалай қаражатты алып кеткен. Бұл қылмыс уақытында ашылмады. Бірнеше рет осы қылмыстық істің материалдарын қайта қараған полицейлер қосымша деректер тапты. Анықтай келе, қарақшылардың бірі өзге қылмыс үшін абақтыда отырғаны белгілі болды. Ал екіншісі бірнеше жыл бұрын қаза тапқан», - деп хабарлады СҚО ІІД баспасөз қызметі.

Криминалды полиция бөлімінің қызметкерлері тонаушылардан зардап шеккендердің дер кезінде полицияға хабарласпауынан қылмысты ашудың қиындай түсетінін атап өтті. 

Соңғы жаңалықтар