СҚО әкімі: Жазғы лагерьлерге баратын педагогтарды «сүзгіден» өткізіңдер

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Солтүстік Қазақстан облысында сауықтыру лагерьлері жазғы маусымның ашылуына дайындалуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Білім басқармасының басшысы Шолпан Қаринованың айтуынша, биыл балалардың жазғы демалысын ұйымдастыруға 364 миллионнан астам теңге бөлінді. 15 сауықтыру лагері жұмыс істейтін болады. Облыстың екі ауданында мұндай лагерьлер жоқ, тағы бірінде санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкес келмеуі салдарынан екінші жыл қатарынан жұмысы тоқтап тұр.

Қала сыртындағы сауықтыру орындарынан бөлек, мектептер жанынан да демалыс лагерьлерін ашу көзделуде.

Балалармен жазғы маусымда барлығы 815 педагог жұмыс істейтін болады. Мамыр айында олар арнайы дайындықтан өтеді.

Облыс әкімі Құмар Ақсақалов балалар лагерьлеріндегі қауіпсіздік мәселесіне жіті назар аудару қажеттігін атап өтті. Бұл, балалармен жұмыс істейтін педагогтардың біліктілігіне де қатысты.

«Биыл бұған дейінгі жылдары орын алған фактілер болмауы тиіс: улану, көз жұму. Болуы мүмкін барлық қатерлерді жою қажет. Аудан әкімдері балалардың қауіпсіздігіне жеке жауап береді. ІІД-мен бірге барлығын тексеру қажет. Педагогтар кадры соттылық мәселесіне тексерілсін. Жазда балалармен жұмыс істейтіндерді сүзгіден өткізіңдер», - деді Қ.Ақсақалов.

Сауықтыру орындарында маусымның ашылуы 5 маусымға жоспарланған. Оның нақты датасы ауа райы жағдайына байланысты болады. 

Соңғы жаңалықтар